Shejire

Ұлы Мстислав Владимирович

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Mstislav the Great, King of Rus
Unknown authorUnknown author · Public domain

Ұлы Мстислав делінетін Мстислав I Владимирович Мономах (ежелгі орыс. Мьстиславъ Володимѣровичъ Мономахъ; шоқынған есімі: Фёдор; ақпан 1076, Туров – 15 сәуір 1132, Киев) — 1125 жылдан 1132 жылғы өліміне дейінгі Киев ұлы кінәзі. Мстиславтың өлімінен кейін мемлекет түрлі қарсылас кінәздіктерге бөлініп кетті. Мстислав Мономах II Владимирдың ұлы еді. Скандинавиялық сагалар оны Харальд (Harald) дейді, атасы II Гарольд Годвинсонмен теңеп.

Өмірбаяны

Мстислав Туровта дүниеге келді. Әкесінің мұрагері ретінде ол 1088 жылдан 1093 жылға дейін және (Ростовта билей тұрғасын) 1095 жылдан 1117 жылға дейін Новгородты биледі. Кейін ол Мономахпен қатар Киевтік Белгородқа басшылық етті де, оның өлімінен кейін Киев тағын иеленіп алды. Мстислав Новгородта бірнеше шіркеу бастаған болатын. Оның Әулие Николай соборы (1113) мен Әулие Антониев монастырьі (1117) бүгінгі күнге дейін сақталған. Кейін ол Киевте де бірнеше маңызды шіркеу қалады, соның ішінде Берестоводағы отбасылық кесенесі мен Подолдағы Құдай Анасы шіркеуі болды. Мстислав өмір бойы қыпшақтармен (1093; 1107; 1111; 1129), эстониялықтармен (1111; 1113; 1116; 1130), литвалықтармен (1131), Полоцк кінәздігімен (1127; 1129) соғысты. 1096 жылы ол Колокша өзенінің бойында аға туысы Черниговтық Олегке қарсы жеңіп, осылайша өз ұрпағы мен Олег ұрпағы арасында қарсыластық бастады. Мстислав біртұтас мемлекеттің соңғы билеушісі еді. Ол өлгенде, жылнама жазуынша, «Русь жері бөлініп кетті». Ол 55 жасында Киевте қайтыс болды. Мстислав өлімінен кейін Киев кінәздігі жылдам ыдырап кетті. Мономахтың өлімі тұсында кінәздер әулетінде тек екі негізгі топ — Мономаховичтер мен Ольговичтер ғана болған, бірақ әулет ұлғайған сайын ол бірнеше жергілікті тармақтар мен тармақшаларға бөлініп кетті. Орыс православие шіркеуі оны канондап (яғни Әулие қылып), Шығыс православие шіркеуіндегі Әулие күнін 15 сәуір қылды.

Ескертпелер

Дереккөздер

Қолданылған әдебиет

Prince Mstislav Vladimirovich on the throne of Novgorod, part of miniature from Radziwiłł Chronicle, 15th century (cropped from original: https://commons.wikimedia.org/wiki/File:%D0%92%D0%BE%D0%BA%D0%BD%D1%8F%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5 %D0%9C%D1%81%D1%82%D0%B8%D1%81%D0%BB%D0%B0%D0%B2%D0%B0 %D0%92%D0%BB%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D0%BC%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%87%D0%B0 %D0%B2 %D0%9D%D0%BE%D0%B2%D0%B3%D0%BE%D1%80%D0%BE%D0%B4%D0%B5; %D0%B2%D1%81%D1%82%D1%80%D0%B5%D1%87%D0%B0 %D0%98%D0%B7%D1%8F%D1%81%D0%BB%D0%B0%D0%B2%D0%B0 %D0%92%D0%BB%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D0%BC%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%87%D0%B0 %D0%9A%D1%83%D1%80%D1%81%D0%BA%D0%BE%D0%B3%D0%BE %D0%B2 %D0%9C%D1%83%D1%80%D0%BE%D0%BC%D0%B5.jpg)
Skoropadsky · CC BY-SA 4.0

Auty Robert; Obolensky, Dimitri Companion to Russian Studies: Volume 1: An Introduction to Russian History — Cambridge University Press, 1976. — ISBN 978-0-521-28038-9. Dimnik Martin The dynasty of Chernigov. 1054-1146 — Toronto: Pontifical Institute of Mediaeval Studies, 1994. — ISBN 0888441169. Dvornik, F. (1947). "The Kiev State and Its Relations with Western Europe". Transactions of the Royal Historical Society 29. Fennell John The Crisis of Medieval Russia 1200-1304 — Routledge, 2014. — P. 5. — ISBN 978-1-317-87314-3. Hamilton George Heard The Art and Architecture of Russia — Yale University Press, 1983. — ISBN 9780140560060. Line Philip Kingship and State Formation in Sweden: 1130 - 1290 — Brill, 2007. Solovʹev Sergeĭ Mikhaĭlovich History of Russia — Academic International Press, 1976. — ISBN 978-0-87569-238-8.

Место в родословной

Сведения

персона
Ұлы Мстислав Владимирович
Діні
Православие
Әкесі
Мономах II Владимир
Жұбайы
.mw-parser-output .plainlist ol,.mw-parser-output .plainlist ul{line-height:inherit;list-style:none;margin:0;padding:0}.mw-parser-output .plainlist ol li,.mw-pa…
Ізашары
II Владимир
Ізбасары
II Ярополк
Балалары
12, соның ішінде Ингеборга (ағыл.)қаз., Мальмфрида (ағыл.)қаз., Добродея (ағыл.)қаз., Всеволод (ағыл.)қаз., Мария (ағыл.)қаз., Изяслав&…
Династия
Рюриковичтер
Қайтыс болуы
15 сәуір 1132 (1132-04-15) Киев