Тұрап Айдаров
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Тұрап Айдаров (20 қараша 1933, Сарыағаш ауданы Мұратбаев ауылы – 7 наурыз 1994, Ташкент қаласы) – ақын, ғалым, филология ғылымдарының докторы (1982), профессор (1985).
Өмірбаяны
Шанышқылы тайпасының Қатаған руынан шыққан.
Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1956). 1956 – 57 ж. орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі 1957 – 85 ж. Ташкенттің Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы, доценті, 1985 – 94 ж. қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Ғылыми жұмыстары
1981 ж. «Өзбекстан қазақтары лексикасының ареалдық сипаты» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негізгі еңбектері қазақ тілінің диалектологиясы мен лингвистикасы географиясына арналған. Бұл салада Өзбекстанды мекендейтін қазақтардың тілі жөнінде бірнеше монографикалық еңбектер мен зерттеулер жариялады. «Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері» (1975) «Лингвистикалық география» (1977) «Проблемы диалектной лексикологии и лингвистической географии» (1991) атты ғыл. еңбектері «Жайнай бер, жұлдызым» (1974) «Қоңыр жел» (1977) «Ашық аспан» (1980) «Шие» (1981) «Көңіл салтанаты» (1989) деген жыр жинақтары жарық көрген.