Түймебай Айтбаев
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Түймебай Айтбаев (13 желтоқсан, 1923, Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылы – 20 желтоқсан, 2001, Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылы) – ардагер ұстаз. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі (1983).
Өмірбаяны
Қызылорда педогогикалық училищесін (1950) бітірген. Қызылорда педагогикалық институтының (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті) тарих факультетін бітірген (1956). 1950 ж. ұстаздық жолын Э.Тельман атындағы №132 мектепте мұғалім болып бастап, 42 жыл еңбек етті. 1961-87 ж. осы мектепте директор болды.
Марапаттары
1967 ж. «Қазақ КСР-і Халық ағарту ісінің үздігі» (1978) КСРО Халық ағарту ісінің үздігі (1985) белгілерімен «Ұлы Отан соғысы» медалімен марапатталған. Халыққа білім берудегі ерен еңбегі үшін құрметті «Ғасыр мұғалімі» атанды.
Есте қалдыру
2003 жылы ҚР үкіметінің қаулысымен №132 орта мектепке Т.Айтбаевтың есімі берілді.