Shejire

Төрткүл

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Төрткүл қалашығы – ортағасырлық қалашық орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Мойынқұм ауданы, Бірлік аулынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде, Шу өзенінің оң жағасында орналасқан.

Зерттелуі, сипаты

1948 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан) тауып, зерттеген. 1980, 1986 жылдары қазіргі Қазақ ұлттық университетінің археологиялық отряды анықтау материалдарын жинақтаған. Қаланың орны, бұрыштары төрт тарапқа қаратылған ауданы 200х180 м, тік бұрышты алаңнан тұрады. Негізгі алаңның солтүстік және шығыс жағында құрылыс орындарының қалдығы, ал оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығыс жағында көне канал орны сақталған. Оңтүстік-батысынан басқа үш жағы топырақ үйінділерімен қоршалған. Қазба барысында табылған хұмдар, құмыралар, шұңғыл табақтар, т.б. заттарға қарағанда қалашық VIII-XIV ғасырларда өмір сүрген.

Дереккөздер

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Сведения

Қалануы
VIII-XIV ғасырлар
Мәртебесі
Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
44°00′25″ с. е. 73°31′50″ ш. б. / 44.00694° с. е. 73.53056° ш. б. / 44.00694; 73.53056 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…