Shejire

Төрткөл

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Төрткөл – көне қала орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.

Орналасқан жері

Талас ауданы, Бостандық ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км қашықтықта, Тараз – Бостандық автомобиль жолының сол жағында орналасқан.

Сипаты

Қалашыққа 1980 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы (жетекшісі К. Байбосынов) тауып, алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қаланың қазіргі орны биіктігі 2,5 м болатын төртбұрышты төбе. Әрбір сыртқы қабырғасының ұзындығы 80 м. Қаланың орталық бөлігінде күзет мұнараларының орындары сақталып қалған. Мұнаралардың диаметрі 5 м. Қала үш жағынан терең ормен қоршалған. Ордың ені 8 м, қазіргі тереңдігі 1,5 м. Қала орнынан керамикалық ыдыстардың, әйнектердің сынығы, қоладан жасалған бұйымдар табылды. Қала VIII-XII ғасырларда ірі сауда орталығы болған.

Дереккөздер

Сведения

Қалануы
VIII-XII ғасырлар
Мәртебесі
Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Қазіргі жері
 Қазақстан, Жамбыл облысы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…
Солтүстік Қазақстан
Ақкөл-Жайылма (Әулиекөл) | Бозоқ | Қаған-Қимақ | Қимақия | Сисан | Торғай