Терек шайқасы
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Терек шайқасы — 1262 жылы болған тарихи қақтығыс, Алтын Орданың ханы Берке хан мен Елхан әулетінің негізін қалаушы Құлағу хан арасында өтті. Бұл шайқас — моңғол империясы ішінде басталған алғашқы ірі азаматтық соғыстардың бірі және Берке мен Хулагу арасындағы саяси-діни қайшылықтардың көрінісі болды. Бұл шайқастың тарихи маңызы өте зор. Бұл шайқаста Берке жеңіліс тапқанда бүгінде қазақ деген халық болмаста еді.
Себептері
Бату хан қайтыс болғаннан кейінгі Алтын Ордадағы тұрақсыздық мемлекеттің саяси жағдайына кері әсер етті. Оның ұлы мен немересі Сартақ пен Ұлақшын ұзақ уақыт билікте болмады. Батудың жесірі Барақшын хатын Хұлағумен одақтасып билікті өз қолына алуды көздеді. Жошидтер мен Төлеидтер арасындағы бақталастықтың салдарынан билікке келген Құбылай Алтын Орданы басып алып, өз қарамағына алғысы келді. Ол інісі Хулагуге Алтын Ордаға оңтүстіктен шабуылдауды бұйырды, өзі шығыстан шабуылдауды ойлады. Арықбұға бастаған бүлік Құбылайдың бұл жоспарына кедергі жасады. Нәтижесінде Берке Хулагумен бетпе-бет қалды.
Шайқас барысы
Берке ханның Әл-Мәлік әз-Захирмен одақ құрып, ортақ жауы Құлағуға бір мезетте соққы беру туралы келісімін естіген Құлағу әскер жасақтап, Орда жеріне жорыққа аттанды. Ал Берке хан жіберген елшілердің басын шаппақ болды. Құлағу Құр мен Терек өзендеріне дейін жетті. Берке болса, Құлағудың жорығын ести сала, елді босатып, жауға қарсы соғыс ашпауға бұйрық береді. Осылайша олар 15 күнге Орда жерін тастап шығып кетті. Құлағу Құр өзенінен өткен соң, бос қалған ел мен шегінген әскерді көрді. Құлағу әскерлері елді аяусыз тонап, ірі қара, қой және басқа да байлықтарды алып кетті. Хулагуидтердің шапқыншылығын ести сала, Берке 10 жастан асқан әрбір еркекті атқа қондырып, орасан зор әскер жасақтады — саны басталмайды, соңы көрінбейді. Құлағу Орда әскерінің нақты санын білмеген еді. Берке хан қапыда шабуыл жасап, қаңтардың 13-і күні қақаған аязда болған бір күндік ауыр шайқаста Елхан әскерін талқандап, оларды мұз басқан Терек өзені арқылы шегінуге мәжбүрледі. Құлағу «кімде-кім ханнан бұрын Құр өзенінен өтсе, сол өлім жазасына кесіледі» деп бұйрық берді. Сөйтіп, өзінің таңдаулы моңғол жасақтарымен кері шегінді. Олар өзеннен өткенде, өтіп үлгермеген бөлігі толығымен талқандалды. Хулагу әскері шегініп бара жатып, боран мен қар астында қырылып, тұншығып қалды. Бұл шайқас үш күнге созылған орасан зор соғыс еді. Хулагу әскерінен тірі қалған ешкім болмады — оқиға жайлы хабар жеткізе алатын жан қалмады. Қашпақ болғандардың бәрі суға кетті. Қанша адамның суға кеткені белгісіз. Қалғандары түгел өлтірілді.
Салдары
Берке шайқас орнына келгенде, қаза тапқандардың денесін бір жерге жинауға бұйрық берді. Үш үлкен төбе мәйіт жиналды. Жауын мен жел олардың сүйектерін шашып, шірітіп жіберді. Саяхатшылар бұл төбелерді екі күндік жерден көрген екен. Ал Хулагу болса, аз ғана жасағымен әрең дегенде қашып құтылды.
Тарихи маңызы
Терек шайқасының Қазақстан тарихы үшін маңызы өте зор. Берке хан бұл шайқаста жеңіліс тапса, Алтын Орда тәуелсіздіктен айырылып, Юань империясының бір бөлігіне айналуы мүмкін еді. Юань империясының бір бөлігіне айналғаннан кейін Мин империясының, кейіннен Қытайдың бір бөлігіне айналуыда ғажап емес еді. Яғни Қазақ хандығы Алтын Орданың тікелей жалғасы болғандықтан, қазақтарда болмас еді. Қазақтар өзін еркін санаған алтынордалықтар болғандықтан, бұл шайқас ел тарихында ойып тұрып орын алады.