Текеш
ПерсонаОбновлено: 14.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Текеш, Абул Музафар Текеш ибн иль-Арслан (туған жылы белгісіз – 1200) – Хорезм шахы (1172 – 1200). 1170 – 1180 жылы қарақытайлардан толық тәуелсіздік алу ушін Мауераннахрға жорық жасады. 1187 жылы Нишапурды, 1192 жылы Рейді, 1193 жылы Мервті жаулап алды. 1194 жылы Тоғұрыл II сұлтан басқарған батыс салжұқтарын, 1196 жылы халиф Насир басқарған Бағдат халифаты әскерлерін талқандады. Текеш билеген кезеңде Хорезм мемлекеті нығайып, Орталық Азия мен Орта Шығыста күшті мемлекетке айналды.