Тастұмсық
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Тастұмсық – көне қала орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Шу ауданы, Бәйдібек ауылынан оңтүстікке қарай 11 км қашықтықта, Тасөткел бөгенінің оң жағалауында орналасқан.
Сипаты
X-XII ғасырларда гүлденген қала ретінде танылған. Тастұмсықтың қазіргі көрінісі биіктігі 1,7-2 м болатын төбе тәріздес. 1980 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің Археологиялық Экспедициясы (жетекшісі М. Елеуов) зерттеу барысында қамал қабырғасына, бірнеше ғимарат орнына қазба жұмыстарын жасады. Әлемнің төрт бұрышына бағытталған төрт бұрышты алаңқай өлшемі: сол жағы 32 м, шығысы 20 м, оңтүстігі және батысы 25 м-ден, биіктігі 1,7-2 м. 1986 жылы қазба жұмыстары барысында 11 үй-жай орны және қамал қабырғасының бөліктері есепке алынды. Олардың барлығы иленген балшықтан салынған. Қазба барысында қыш ыдыстар табылды.
Дереккөздер
