Тастөбе
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Тастөбе – ортағасырлық қала орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Географиялық орны
Жамбыл ауданы Көлқайнар ауылдық округіне қарасты Тастөбе ауылынан солтүстікке қарай 300 м жерде.
Зерттелуі
Қалашықты 1898 жылы В.А. Каллаур, 1936 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам), 1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы зерттеген.
Сипаты

Ескерткіш үш бөліктен тұрады. Алғашқысы – дөңгелек төбе, биіктігі 18 м, диам. 100 м-ге жуық; екіншісі – осы төбені барлық жағынан қоршаған, өлшемдері солтүстіктен оңтүстікке қарай – 130 м, шығыстан батысқа қарай – 170 м террасадан тұрады; орт. бөлігі ормен бөлінген. Негізгі төбеден оңтүстік-батысқа қарай 30 м жерде өлшемдері 80 - 50 м, биіктігі 2,5 м, шығыстан-батысқа қарай созылыңқы бекіністің қалдығы сақталған; үшіншісі – негізгі төбеден солтүстікке қарай 50 м жерде орналасқан. Оның табанының аумағы 90 - 70 м. Қалашықтың үстінен қыш ыдыстардың, күйдірілген кірпіштің сынықтары кездеседі. Археологиялық қазба барысында табылған заттарға қарағанда қалашықты тұрғындар 6 – 12 ғасырларда мекен еткен. Олар мал өсіріп, егіншілікпен айналысқан.