Тәңкі би Қаржауұлы
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Тәңкі би Қаржауұлы — 1763–1965 жылдар аралығында туған, 1830 жылы Кіші (Арал) Қарақұмда қайтыс болыпты. Тәңкінің батырлығынан шешендігі басым болса керек. Кіші жүздің Шөмекей руы Бозғыл (Бозғұл) бұтағынан шыққан. Шежіре: Тәңкі би-Қаржау-Қалымбет-Метей-Әлдеберлі-Келмембет (Сарқасқа)-Келдібай-Бозғұл-Шөмекей Ел әңгімелеріне бүгінге дейін Тәңкі шешен аталады. Арғы бабалары Сарғасқаның Метейі. Көрнекті ақындардың бірі Молдахмет Дабылов өзінің шежіре дастаныңда: ...Метейден Тәңкі шешен сайрап туды, Билікті талай дауда алған жығып, - депті. Тәңкі өзі турасында:«…Ей, Алла, тіл жағыма бердің ерік,Несіне қимағанның маған көрік», - деп өзінің бет-бейнесінен хабар етсе, екінші бір шумақта: «Тары да бітеді бұл жерге.Арпа да бітеді бұл жерге.Бірақ Тәңкі би бітпейді бұл жерге», - деп өзінің ерекше адам екенін тағы да білдіріп өтеді.
Дереккөздер
Билер сөзі-киелі. Құраст.:Т.Дайрабай, М.Ахметов:Алматы, 2012. - 208б. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998