Shejire

Тайыр хан

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Тайыр хан — (1523—1533) билік құрған Қазақ Ордасының билеушісі. Тайыр хан ел билеуге қабілеті төмен, әскери-саяси және елшілік істерге олақ адам еді. Ол феодалдық қырқыстарды тия алмады, көрші елдердің көпшілігімен: Шайбани әулетімен, Ноғай Ордасымен және Моғолстан хандарымен де жауласты. Бұл соғыстарда қазақтар жеңіліп, Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің біраз бөлігінен айырылып, оның ықпалы тек Жетісуда ғана сақталып қалды. Тахир хан Жетісуға қашып барып Моғолстан ханына қарсы қырғыздармен одақ жасасты. 1527 жылдан кейін ол көбінесе қырғыздарды биледі, ойрат-жоңғарлардың Жетісуға жасаған шабуылына қарсы күресті. Мемлекеттік билік құлдырап, мемлекеттің шекара аумағы қысқара түсті. Тайыр ханның өлімінен кейін оның інісі Бұйдаш (1533-1534 жж.) қазақ-қырғыз бірлестігінің басшысы болды.

Дереккөздер

Место в родословной

Сведения

персона
Тайыр хан
Діні
Ислам
Анасы
Сұлтан Нігар Ханым
Әкесі
Әдік сұлтан
Ізашары
Мамаш хан
Ізбасары
Бауыш хан
Балалары
ханзада Сұламиш
Қайтыс болуы
1533 (1533) қазіргі Қырғызстан
Дүниеге келуі
1486 Қазақ хандығы