Shejire

Сұлукен Биғалиқызы Рахмадиева

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Сұлукен Биғалиқызы Рахмадиева – профессор, химия ғылымдарының докторы, биоорганикалық химия ҒЗИ директоры.

Білімі, ғылыми атағы мен дәрежесі

1973 ж. – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін «химик, химия оқытушы» біліктілігімен «Химия. Табиғи қоспа химиясы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1974-1977 жж. – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «02.00.10 – «Табиғи және физиологиялық химияның белсенді заттары, биоорганикалық химия» мамандығы бойынша аспирантураны бітірген. 1981 ж. – химия ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы - «Полифенольные соединения кипрея мохнатого». 1997-2000 жж. - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «02.00.10 - Табиғи және физиологиялық химияның белсенді заттары, биоорганикалық химия» мамандығы бойынша докторантура. 2001 ж. – химия ғылымдарының докторы. Докторлық диссертацияны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қорғаған. Диссертация тақырыбы - «Гидролизуемые дубильные и родственные вещества растений рода молочай и их биологическая активность», ЖАК төралқасымен белгіленген. (Бюл. №2, 2002 ж.). 2002 жылдан бастап – Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. 2003 ж. – профессор.

Еңбек жолы

1977-1979 жж. – С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың өсімдіктер мен синтез химиясы ПҒЗЛ-дың кіші ғылыми қызметкері. 1979-1989 жж. – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биологиялық белсенді заттар ҒЗЛ аға ғылыми қызметкері. 1989-1997 жж. – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың органикалық химия және табиғи қоспа химиясы кафедрасының доценті. 2000 ж. – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың химия және химиялық технология кафедрасының доценті. 2001ж. – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың химия және химиялық технология кафедрасының профессоры. 2002 ж. – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Жаратылыстану –техникалық институты директорының орынбасары. 2003-2005 жж. - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Жаратылыстану –техникалық институтының директоры 2005 ж. - қазіргі таңда – профессор, химия ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың биоорганикалық химия ҒЗИ директоры.

Еңбектері

250-ден астам ғылыми жұмыстың авторы, 1 монография, 1 оқу құралы, 9 әдістемелік оқу құралы және 1 юиюлиографиялық сілтеме.

Ғылыми қызығушылығы

Табиғи қоспа химиясы, биоорганикалық химия, органикалық химия, биохимия, дәрі-дәрмектер химиясы, фармхимия және фармакогнозия, өсімдіктер химиясы және биологиялық белсенді заттар синтезі, дәрі-дәрмектер, фармөндірісі технологиясы, биологиялық белсенді заттар негізіндегі наножүйелер мен наноматериалдар.

Марапаттар мен жетістіктері

1998 ж. – Химия және химиялық технологиялар саласында республикалық байқауда үздік студенттік жұмысына жетекшілік еткені үшін білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрліктерінің құрмет грамотасымен марапатталған. 2003 ж. - «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған. 2005 ж. – ҚР БҒМ «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегері. 2006 ж. – Астана қаласы бойынша «Әйел-ғалым» номинациясының байқау жеңімпазы. 2008 ж. - «Еуразия жұлдызы» Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ байқауының жеңімпазы. 2008 ж. - «Астанаға – 10 жыл» мерейтой медалімен марапатталған. 2011 ж. – ҚР БҒМ «Ең үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.

Қауымдастықтарға мүшелік ету

1993-1999 - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия факультетінің Ғылыми кеңесінің ғылыми хатшысы және мүшесі. 2002-2007- Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы және мүшесі 2002 жылы- Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. 2003 ж.–қазіргі уақытқа дейін – ЖҒФ Кеңесінің мүшесі 2003-2008 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы ғылыми кеңесінің мүшесі 2005 ж.- қазіргі уақытқа дейін - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ҒТК мүшесі 2007-2010 жж. –диссертациялық кеңес мүшесі 2011 ж.- ҚР Индістрия және жаңа технологиялар министрлігінің салалық кеңесінің мүшесі 2011 ж.- БХК ҒТК мүшесі

Дереккөздер