Shejire

Сұбханбердин Сәлкен Хасенұлы

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Сәлкен Хасенұлы Сұбханбердин (04.05.1914, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы – 09.05.1986, Алматы) – фармацевт-ғалым, драматург, медицина ғылым докторы (1972), Қазақстанға еңбегі сіңірген фармацевті (1965). Арғын тайпасы Сүйіндік руы Айдабол бөлімінен шыққан. Мәскеу медицина институтын бітірген (1959). Сұбханбердин Семейдегі өлкелік фармацевтика техникумы оқу бөлімінің меңгерушісі (1933 – 1935), директоры (1935 – 1938), Алматы (1938 – 1942) және Жамбыл (1942 – 1945) облыс, республика (1948 – 1973) дәріхана басқармаларының меңгерушісі, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі (1973 – 1975) қызметтерін атқарды. Сұбханбердиннің негізгі ғылыми жұмыстары Қазақстандағы дәріхана ісінің даму тарихына арналған. Сұбханбердиннің басшылығымен Дәрігерлер білімін жетілдіру институтында фармацевтика кафедрасы ұйымдастырылды, орта медицина оқу орындарында фармацевтика факультеті, Шымкент қаласында фармацевтика институты, Алматы қаласында фармацевтика факультетикасы ашылды. Оның “Дәрі – дертке дауа, жанға шипа” (1965), “Өсімдік дәрі-дәрмек қоймасы” (1968), “Денсаулығыңды ойласаң” (1974, М.Әлімбаевпен бірге) атты еңбектері, “Шындық”, “Сатып алған ауру”, “Жаңа жандар”, т.б. пьесалары “Шындық” атты жинаққа енген (1977). 74 ғылыми еңбектің авторы. 2 рет “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.

Отбасы

Әйелі Үшкілтай Сұбханбердина

Дереккөздер

Место в родословной

Сведения

персона
Сұбханбердин Сәлкен Хасенұлы
Туған жері
Баянауыл ауданы, Павлодар облысы
Туған күні
4 мамыр 1914 (1914-05-04)
Азаматтығы
 Қазақстан
Ғылыми аясы
Медицина
Марапаттары
Үлгі:Құрмет белгісі ордені
Ғылыми атағы
Қазақстанға еңбегі сіңірген фармацевті
Несімен белгілі
ұлы Нұржан Сұбханбердин
Ғылыми дәрежесі
Медицина ғылымдарының докторы (1972)