Сүбасы
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Сүбасы (түркіше: subaşı, sübaşı; арабша баламасы — қаид, мұқаддам) — оғыз түріктері мен кейінгі бірқатар түркі мемлекеттеріндегі жоғары әскери лауазым, бас қолбасшы. Термин көне түркі тіліндегі сү («әскер») және басы («басшы») сөздерінен құралған, яғни «әскербасы» деген мағынаны білдіреді. Сүбасы мемлекеттегі ең ықпалды тұлғалардың бірі саналып, бүкіл әскерді басқарды. Оның қарамағында йынал, тархан, йағлыз және йүгрүш сияқты әскери лауазым иелері болған. Ортағасырлық деректерде сүбасылардың әскери кеңес арқылы маңызды шешімдер қабылдап, кей жағдайларда жоғарғы билеуші — Жабғудың саясатына араласып, тіпті оған қарсы шыққаны айтылады.
Белгілі сүбасылар
Тоныкөк; Селжүк; Тұқақ.