Степан Герасимович Анкинович
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Үлгі:Infobox writer Степан Герасимович Анкинович (14.11.1912, Витебск облысы Кашино ауылы – 16.6.1985, Алматы) – геология-минералдық ғылымдарының докторы (1964), профессор (1967). Қазақ КСР-інің еңбек сің. жоғары мектеп қызметкері (1972). Ленинград (1938, қазіргі Санкт-Петербург) тау-кен институтын бітірген. 1938–51 ж. Қазақстанның геологиялық қызметі жүйесінде, Жезқазған, Ұлытау кенді ауданында, Үлкен Қаратауда полиметалл, темір, марганец, ванадий кендерін барлайтын партиялар тобы мен экспедициялардың геологы, аға геологы, бас геологы, Қазақ геологиялық басқармасының аға инженері болып жұмыс істеді. Сонымен қатар 1949 жылдан Қазақ кен-металлургия институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) доцент, 1970 жылдан кафедра меңгерушісі болды. Анкиновичтің негізгі ғылыми еңбектері Солтүстік Тянь-Шаньның (Үлкен Қаратау мен Жабағылы) және Сарыарқаның батыс бөлігінің геологиясын, стратиграфиясын, шөгінділік металлогениясын, түсті металдар кендерінің геологиясын зерттеуге арналған. КСРО Мемлекеттік сыйл. лауреаты (1946, 1948).
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
С.Г и Е.А. Анкиновичи - Белорусский портал в Казахстане Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. [Лауреаты Сталинской премии за выдающиеся изобретения и коренные ...]