Шыңтүрген шыршасы
ИсторияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Шыңтүрген шыршасы — табиғат ескерткіші. Іле Алатауындағы Бозкөл шатқалында орналасқан (аумағы — 500 га). Мұз басу дәуірінде пайда болып, осы күнге дейін жеткен қылқан жапырақты қалың орманның реликт бөлігі. 1968 жылы 3 қаңтарда "табиғат ескерткіші" ретінде қамқорлыққа алынды. Айрықша ғылыми маңызы бар.