Shejire

Шұрық

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Шұрық – мал жайылымдық шұрат жер. Алматы облысы Көксу ауданы, Кербұлақ аудандары малшыларының күзгі және көктемгі мал жайылымы. Алғабас ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 100 км жерде. Негізінен шөлге төзімді изен, жүзгін, жусан, бетеге, теріскен, ақселеу, ебелек, сай-жыраларда бидайық, қарабас өседі. Топырағы бозғылт сұр әрі құмайтты. Осыған байланысты көктемгі қар суынан, жазда-күзде жауған жаңбырдан жер беті оңай бұзылады. Жауыннан кейін сай, ор-шұңқырлар пайда болады. Осындай ерекшелігіне байланысты аты да “Шұрық” деп аталған. 1921 – 1922 ж. Қазақстанда жүргізілген аграрлық реформа тұсында осы шұрықта болған оқиға туралы жазушы К.Тоқаевтың “Шұрық шұратында” деген деректі әңгімесі бар.

Дереккөздер

Источник: https://kk.wikipedia.org/wiki/Шұрық

Этот текст адаптирован из указанного источника и используется по лицензии CC BY-SA.