Shejire

Шора

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Уәли Шора, Жалайыр Шора (т.-ө.ж.б., шамамен 19 ғасырдың 1-жартысында өмір сүрген) — Жетісу өлкесіндегі атақты құсбегі. Ел аузыңдағы аңызда Шораны "құстың тілін білетін әулие" деп сипатгайды. Қыран құс "Аспанда жүрсем қанатым талады, жерге түссем Жалайыр Шора қағады" деп зарлайды-мысалы Уәли Шора туралы С.Бегалиннің "Қыран" поэмасында, Қазақстанның халық ақыны Қ. Жапсарбаевтың "Уәли Шора құсшының әңгімесі" дастанында ("Сөйле, тілім", А., 1986) жан-жақты айтылған. Шораның құс ұстау, үйрету, бүркіт баптау, сынау, т.б. амал-айласы, тәжірибе-тәсілі ерекше болған. Ол қыранның қайда мекендейтінін, қашан ұя басатынын өте жақсы білген. Басқа құсбегілердің бәрі өздеріне Шораны тәлімгер ұстаз тұтып, оның тәжірибесінен үлгі алған. Кезінде осы Шора құсбегіні іздеп қырғыз жерінен атақты Шабдан Манап келеді, атақты Кержорға атын құсшының ақиық, шағыркөз бүркітіне айырбастап алады.

Дереккөздер

Источник: https://kk.wikipedia.org/wiki/Шора

Этот текст адаптирован из указанного источника и используется по лицензии CC BY-SA.