Shejire

Шолаққорған қалашық

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Шолаққорған – ортағасырлық қалашық. Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан), 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам), 1983 жылы Шымкент педагогикалық институтының археологиялық отряды (жетекшісі Н.П. Подушкин) зерттеген. Қала қирандысы төрт бұрышты биіктігі 15 м-ге жуық, шығыстан батысқа қарай 160 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 60 м-ге созылған үсті тегіс төбе. Сырты саз дуалмен қоршалған. Тіршілік еткен мерзімі үстінен жиналған қыш ыдыстардың сынықтарына қарап қаланың 13 – 16 ғасырлар аралығында өмір сүргені анықталды. Өкінішке орай Қаратаудың терістігімен өтетін Керуен жолының мықты бекінісі болған қаланың үстіне қазіргі кезде үйлер салынып кеткен.

Дереккөздер