Шерубай Биболдыұлы
ПерсонаОбновлено: 14.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Шерубай Биболдыұлы (1693-1812), батыр. Арғын тайпасының Қуандық руының Мойын бөлімінен шыққан. Туып-өскен мекені қазіргі Топар кентінің маңы. Орта жүз жеріне қалмақтардың шабуылы кезінде (1721-1730) жылдарына Тоқбура Қарекеұлы жасы алпысқа келіп қалса да ел жиып, жауға қарсы ту көтерген. Шерубай оның қолбасшы батыры болған. Хас батырлығы, өлшеусіз ерлігі туралы ел аузында әнгіме көп. Қарағанды облысының Шет және Бұқар жырау ауданының жері арқылы ағатын Шерубай-Нұра өзені батырдың атымен аталған. Осы өзеннің жағасында Шерубай-Нұра стансасы орналасқан. Бұл бекет 1934 ж. Қарағанды-Балқаш темір жол құрылысы кезінде пайда болды.