Shejire

Шемонаиха

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

ШҚО картасы
Murat Karibay · CC0

Шемонаиха — қала, Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қалалық әкімдігі орталығы, темір жол бекеті.

Географиялық орны

Облыс орталығы Өскемен қаласынан солтүстік-батысқа қарай 120 км-дей жерде, Ертістің оң саласы – Үбі өзенінің жағасында орналасқан.

Халқы

Тарихы

Іргесі 1652–1666 жылдары қаланған. 1936 жылы кент мәртебесіне, 1961 жылы қала мәртебесіне ие болды. 1961 жылға дейін Шемонаихада ұжымшар орталығы орналасты, одан кейін ұжымшар негізінде кеңшарлар құрылды. 1997 жылы кеңшарлар таратылып, орнына шаруа қожалықтары құрылды. Қалада, сондай-ақ құрылыс материалдар зауыты, астық қоймасы, аудан баспахана, геологиялық барлау партиясы, аудан тұрмыс қажетін өтейтін мекемелер, т.б. бар. Шемонаиха арқылы республикалық маңызы бар Өскемен–Змеиногорск (Ресей) автомобиль жолы өтеді.

Дереккөздер

Сведения

Ел
 ҚазақстанҚазақстан
Әкімі
Желдібаев Мұрат Елубайұлы
Ауданы
Шемонаиха
Облысы
Шығыс Қазақстан
Статусы
аудан орталығы
Тұрғыны
18 573[1] адам (2023)
Алғашқы дерек
1766 жыл
Уақыт белдеуі
UTC+5:00