Shejire

Шелжі

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Шелжі— ортағасырлық қала. Тараз қаласынан оңтүстікке қарай 30 км жерде орналасқан. Қала туралы арабтың 10 ғасырдағы географтары әл-Истахри, ибн Хаукал, әл-Магдиси жазған. Магдисидің жазбаларында Шелжі 10 мың исфахандықтар тұрған кішкене қала. Оның цитаделі мен үлкен мешіті болған, қала таудың ішінде орналасқан. Сондай-ақ жазба деректерде қалада күміс өндірілгендігі туралы да айтылады. Қала Қарахан әулеті тұсында жақсы өркендеген. Моңғол шапқыншылығы кезінде қираған. Шелжі Әмір Темірдің тұсындағы деректерде қайта аталады. Зерттеушілер Шелжінің орнын Тараздан оңт-ке қарай 30 км жердегі Садыққорған қалашығымен баламалайды.

Дереккөздер

Источник: https://kk.wikipedia.org/wiki/Шелжі

Этот текст адаптирован из указанного источника и используется по лицензии CC BY-SA.