Shejire

Шәкі шешен

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Шәкібай Тасыбайұлы (Шәкі би, 1805-1885) – қоғам қайраткері, би, шешен, Семейдің даналарының бірі, Абайдың әкесі Құнанбай Шәкіден ұлағатты сөздерді естуге баратын, Шәкі қайтыс болғанда Құнанбай қатты мұңға салынған. Орта жүз Найман ішінде Мұрын Өр Найман тармағынан шыққан, арғы атасы Алшынбай би өз заманының кемеңгер биі болған.

Өмірбаяны

Шәкі шешен кезінде Құнанбай, Кеңгірбай, Алшынбай, Едіге сияқты Найман, Керей, Арғын елдерінің атақты би-сұлтандарымен даулы мәселелерді шешуде айтыс-тартыстарға қатысқан. Өр Найманның намысын жыртып, сөзін сөйлеген аса бетті де, білгір шешен болған. Ол Құнанбай, Абай, Әріп Тәңірбергенов(Әріп ақын) ақынмен де шешендік сайысқа түскен. Шәкі би шамамен ХVIII ғ.1 жартысында өмір сүрген Найман елінің әйгілі тұлғаларының бірі болған. Бидің ел алдындағы беделін патша өкіметі де танып, 1828ж. құрметпен 1 Николай патшаның таққа отыру салтанатына жіберілуі – осының бір дәлелі. 1992 ж. Ақсуат мұражайының директоры Қонысбек Ақжасаров Омбы мемлекеттік архивінен тауып әкелген құжатта(338 қор, 66-бет) бұл сапарнама туралы нақты мәліметтер жазылған. Омбының генерал –губернаторы Аягөз дуанының сол кездегі аға сұлтаны Әбілмәмбет ханның шөбересі, Әбілпейіздің немересі Жошыұлы Сарттөре мен Шәкі би Тасыбайұлы бастаған (өкілдіктің басқалары аталмаған) депутацияны ерекше құрметпен аттандырған. Оларды Санкт – Петербургке дейін алып жүруге, әрі оларға, тиісті қызмет көрсетуге қырғыз (қазақ) департаментінің пристаны Сушкин тағайындалып,жолға шығуға арнайы пәуеске жасатылған. Оларды жол бойы қорғап баратын шағын әскери нөкер белгіленген. Әлгі жолбасшы офицердің әрбір қаладан аттанған сайын жолаушылардың жай- күйлері туралы Омбыға рапорт жазып отыруы оларды патша салтанатына құрметпен апарып қайтқанын дәлелдейді. Бидің Шал Қажымен , Құнанбаймен, Тана мырзаның әкесі Тілеміспен т.б белгілі тарихи адамдармен кездесулері туралы ол кісінің ерекше қасиетін танытатын әңгімелер ел аузында баршылық. Бұларға қарағанда, ол кез үшін теңдесі жоқ оқиға деп есептелетін, әрі мұны сол кездегі адамдар құдайға қолы жеткендей іс деп тануға тиісті сапарнаманың осы уақытқа дейін құпия болып, тек архив арқылы ғана енді анықталуын түсінуге болады? Ол кездегілер үшін бұл ұрпақтан ұрпаққа айтылып жүретін мақтаныш еді ғой. Егер Шәкі би өзі де, сапарластары да осы туралы ең, болмаса өз от басындағы біреуге құпиялап айтса да, «отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге жетеді»,ел арасында әлдеқашан тарап, неше қайтара өңделіп, қазіргі ұрпақтың аузында жүрер еді ғой.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том.

Место в родословной