Shejire

Шабантегі Үсен Шәуенұлы

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Шабантегі Үсен Шәуенұлы (1887, қазіргі Жамбыл облысы, Шу ауданы – 17 сәуір 1989, сонда, Жиенбет ауылы) — Дулат руының Шымыр бөлімінен шыққан халық емшісі, көріпкел, әулие. Әкесі Шәуен ел ішінде палуандығымен, суырып салма ақындығымен белгілі болған. Анасы Қыздарбек емшілікпен айналысқан. Шабантегі атбегілігімен, көріпкелдігімен, үлкен сынықшы, емшілігімен аты шықты. Тамыр ұстап, түрлі шөптерден дәрі-дәрмек жасаған, көріпкел құмалақшы болған. Мал арасындағы небір ауруларды да емдеген. Ел арасындағы әңгімелерге қарағанда 1932–1933 жылдардағы ашаршылықты алдын ала болжап, ауылдастарын аман алып қалған. Оған қоса күйші әрі суырып салма ақындығы да болған. Шабантегінің сынықшылығы ұлдары Серікбай мен Әлпиге, қыздары Жұмай мен Айдынға қонған. Зиратының басына күмбезді кесене тұрғызылып, оған ел барып зиярат етеді.

Дереккөздер

Место в родословной