Сергей Александрович Харин
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Сергей Александрович Харин (11 шілде 1900, Алматы қаласы – 5 қаңтар, 1980, Мәскеу қаласы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1957), профессор (1958), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).
Өмірбаяны
Ленинград (1930, Санкт-Петербург) қаласындағы Қолданбалы зоология және фитопатология институтын бітірген. Верный халық университетінде кабинет меңгерушісі (1919, Алматы қаласы) Жетісу облыстық мұражайында зертханашы (1920) Жетісу облыстық ауыл шаруашылық зиянкестерімен күрес станциясының, кейіннен округтік өсімдік қорғау станцияның меңгерушісі (1921–1925); Өзбекстандағы Орта Азия мақта станциясының аға энтомологы және Мақта институтына қарасты өсімдік қорғау станциясында зертхана меңгерушісі (1930–1946) Қазақ өсімдік қорғау станциясында ғылыми қызметкер (1946–1947) Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зертттеу институтында зертхана меңгерушісі (1948–1955) Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылық институтында (1955–1971, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Ғылыми еңбектері
80-нен астам ғылыми жарияланымның авторы.
Марапаттары
«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.