Shejire

Сергеев

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Сергеев, Аютас – Қазақстандағы қала (1969 жыл), Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы және Сергеев қалалық әкімдігі орталығы.

Географиялық орны

Облыс орталығы – Петропавл қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 154 км-дей жерде, Есіл өзені бойындағы Сергеев бөгенінің солтүстігінде орналасқан.

Халқы

1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 9470 адам (4558 ер адам және 4912 әйел адам) болса, 2009 жылы 7661 адамды (3600 ер адам және 4061 әйел адам) құрады.

Тарихы

Сергеев аумағы 18 ғасырда Абылай ханға жақын Күлеке батырдың руына тиесілі жер болған. 19 ғасырда Уәли ханның жесірі Айғанымның жері болды. 20 ғасырдың басына дейін "Аютас" қонысы деп аталды. 1896 жылы Украинадан және Ресейден қоныс аударушылар орын теуіп, Сергеев қаласының негізін қалады.

Кәсіпорындары

Қалада темірбетон, азотты-оттекті, құрғақ сүт, нан-тоқаш өнімдері зауыттары, үш көліктік, екі жол жөндеу кәсіпорындары, ЖМК, гидроторап бар.

Инфрақұрылымы

3 орта мектеп, кәсіптік-техникалық мектеп, тарихи-өлкетану мұражайы, 2 кітапхана, кинотеатр, мәдениет уйі, спорт кешені мен стадион, орталық аудандық және туберкулез ауруханасы жұмыс істейді.

Дереккөздер

Сведения

Ел
 ҚазақстанҚазақстан
Ауданы
Шал ақын
Облысы
Солтүстік Қазақстан
Статусы
Аудан орталығы
Тұрғыны
8 155[1] адам (2023)
Оң жағалау
  Пионерское • Жібек жолы • Астана • Талапкер • Қажымұқан • Арайлы • Төңкеріс • Қарамеңді батыр • Тасты • Петровка • Новочеркасское • Астраханка…
Сол жағалау
Приишимское • Есіл • Түрген • Аршалы • Ижевское • Арнасай • Елтоқ • Астана • Нұресіл • Раздольное • Жаңа Жайнақ • Мортық • Жаңаесіл • Родина • Кам…
Телефон коды
+7 71538