Савлий
ПерсонаОбновлено: 14.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Савлий (көне грекше: βασιλέι Σαυλίω; б.з.б VI ғасыр) — Скифияның патшасы, Гнурдың ұлы, Иданфирстың әкесі. Геродоттың жазғанына сүйенсек, ол өзінің туған бауыры, антикалық дәуірдің ең ұлы ойшылы Анахарсисты жебемен атып өлтірген. Бұл жағдайға Анахарсистің скиф жерінде Құдайлар Анасы мерекесін тойлауды ұйымдастыруға тырысуы себеп болды.