Shejire

Саурық Алпарұлы

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Саурық Алпарұлы (туған жылы белгісіз, қазіргі Алматы облысы,Райымбек ауданы-1871, ҚХР, Суасу) - батыр. Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан. Патшалық Ресейдің Жетісуды отарлауына ашық қарсы шыққан. Шығыс Түркістанға өтіп, орыс басқыншыларына қарсы қарулы жасақ құрды. Тазабек бимен бірге 1869 жылы Құлжадағы Ресейдің сауда факториясына шабуыл жасады. Жетісудың әскери губернаторы Г. А.Колпаковский жіберген жазалаушы отрядқа бірнеше рет ойсырата соққы берді. Тұтқынға түсіп, орыс әскерлерінің қолынан қаза тапқан.

Дереккөздер