Shejire

Самен Цой

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Самен Цой (10.11.1921, Ресей, Приморье өлкесі, Партизанск қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1966), профессор (1968). Қазақ тау-кен және металлургия институтын (1948, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Ресейдің Хакас автономиялық облысынндағы Абакан қаласының отын өнеркәсібі тресінде бас инженер (1948–1950), Қазақстан ғылым академиясының Тау-кен ісі институтында кіші ғылыми қызметкер, зертхана және сектор меңгерушісі (1950–1981). 1981 жылдан Қазақ политехникалық институтында профессор қызметін атқарған. «Исследование шахтных вентиляционных сетей и управление их параметрами» деген тақырыпта докторлық диссестация қорғады. Оның негізгі ғылыми еңбектері мен өнертабыстары шахталар мен рудниктерді жобалаудың автоматтық жүйелерін және өндірістік процестерді басқару мәселелеріне арналған. 28 өнертабыстың авторы.

Дереккөздер

Место в родословной