Салық төлеушінің тіркеу нөмірі
ИсторияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН) – салық қызметінің салық міндеттемелері бар заңды немесе жеке тұлғаларға. белгілі бір жағдайда ел аумағында табыс алатын шетелдік өкілдіктер мен бөлімшелерге беретін нөмірі. Салық төлеушілер салық міндеттемелері пайда болған (заңды тұлғаны тіркеу‚ патент алу‚ шарт бойынша жұмыс бастау‚ т.б.) сәттен бастап 10 күндік мерзімде Салық төлеушінің тіркеу нөмірі алу үшін салық органына өтініш жасауға тиіс. Заңды тұлға мен жеке тұлға барлық төлем құжаттарында‚ салық мағлұмдамаларында‚ т.б. өзінің Салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетуге және өзінің нөмірін табыс төлеуші тұлғаға хабарлауға тиіс.