Shejire

Раң

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Раң - Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қала. Қаратаудың терістік бөктеріндегі Шыбық сайында. Раңды 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедиция зерттеген. Қазіргі сақталғаны: биіктігі 2 м, алты бұрышты алаң, іргелерін 0,5 м тас-топырақ басқан. Қаланың орталық бөлігінде қамал болған. Іргелері тастан қаланған құрылыс орындарының сілемдері байқалады. Қала орнын аршу барысында қыш ыдыстар, әр түрлі көзелер, тостағандар табылды. Раң 15 - 17 ғасырларда болған. Кеңестік дәуірде Қызылбайрақ атанған, бұрынғы Раң Ата ауылы. Ел аузындағы аңызда Раң Ата мұсылман дінін таратушы арабтың сахабасы екен дейді.

Дереккөздер