Қырықкүрзі
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Қырықкүрзі – орта ғасырдағы шағын қала орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Жуалы ауданы, Шақпақ ата ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5 км жерде.
Сипаты
1940 жылы Жамбыл археологиялық пункті (жетекшісі Г.И. Пацевич) зерттеген. Бұл – тік бұрышты төбешік. Көлемі солтүстіктен оңтүстікке қарай 114 м, батыстан-шығысқа қарай 220 м. Айнала топырақ үйіндісімен қоршалған, үйіндінің батыс және шығыс бетінде 11, оңтүстік және солтүстік бетінде 17 мұнара бар. Мұнаралардың биіктігі 1 м-ден 1,5-ге дейін, ал диаметрі 10-11 м. Қырықкүрзінің археологиялық зерттеу жұмысын жүргізуде тарихи маңызы бар.