Shejire

Құсайынов Айып Қисаұлы

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Құсайынов Айып Қисаұлы - Ақтоғай ауданы, Бөгенбай батыр ауылы – 21.6.2001, Алматы қала) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1994), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген зоотехнигі (1975). Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.

Алматы зоотех.-малдәрігерлік институтын (1960, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1960 жылдан өмірінің соңына дейін жауапты партиялық және шаруашылық қызметтер атқарды. «Североказахстанские мериносы и пути их совершенствования» деген тақырыпта доктор диссертация қорғады. Павлодар облысындағы «Бесқарағай» асыл тұқымды қой з-тында қой тұқымын асылдандыру бағытында селекциялық ғыл. жұмыстар жүргізген. Нәтижесінде қойдың облыстың қытымыр табиғатына бейімделген, жабағы жүнді Солтүстік қазақ мериносы тұқымын шығаруға және асылдандыруға ат салысты. 2 рет Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Место в родословной