Shejire

Құмиян

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Құмиян қалашығы – XII-XIII ғасырлардан сақталған қала орны, Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15,7 км жерде, Сырдарияның құрғап қалған арнасынан 3-4 км қашықтықта орналасқан.

Зерттелуі

Қалашық туралы алғашқы ескертпелерді 1900 жылы В. Каллаур келтірген. 1969-70 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (К.А. Ақышев) ашып, зерттеген. 2004 жылы ХҚТУ (М. Елеуов) анықтап, суретке түсірген.

Сипаты

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Құмиян тік төртбұрышты қамал қала. Көлемі 210x180 м, қорғанның кейбір сақталған биіктігі 5-6 м. Дуалының ені 3 - 3,5 м, онтүстік жағындағы екі бұрышында мұнараның құлаған орны 2,5 м төбе болып жатыр. Қорғанның құрылыс жүйесіне қарағанда төрт жағында бес-бестен мұнара болған. Мұнаралардың арасы 35 м. Қақпасы оңтүстік-шығысында. Қорғанның сыртында айналдыра ені 8 м, тереңдігі 1,5-2 м ор бар. Құмиянның ортасында көлемі 45x45 м цитаделі сақталған. Алайда екеуінің ішінде ешбір құрылыстың ізі байқалмайды. Дегенмен солтүстік-батыс жағындағы бұрышта шағын ғана төбенің орны байқалады. Соған қарағанда шаһристан ішінде құрылыс жүйелері болған деген ой тудырады. Қала үстінен теріп алынған қыш ыдыстардың ернеуінде жапсырылған жиектері, су тасуға арналған құмыралардың тұтқалары әсем жасалған. Ас ішуге қажетті ыдыстардың түптері дөңгелек. Олардың көпшілігінде ақ ангобаның үстінен көк, қоңыр сырмен өрнектер жүргізілген. Ыдыстардың сырлары Отырар қаласының он бірінші мәдени қабатынан алынған ыдыстарға ұқсас.

Дереккөздер

Сведения

Қалануы
ортағасыр
Мәртебесі
Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
43°23′41″ с. е. 67°17′33″ ш. б. / 43.39472° с. е. 67.29250° ш. б. / 43.39472; 67.29250 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Қызылорда облысы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…