Құланды кемері
ИсторияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Құланды кемері – Оңтүстік Үстірттегі кертпешті кемер.
Географиялық орны
Маңғыстау облысы Қарақия ауданында, Түйесу және Қарынжарық құмды алқаптары аралығында жатыр.
Жер бедері
Ендік бағытта созылған кемердің биіктігі 55–80 м. Батысы мен (абсолюттік биіктігі 281 м) шығысы (267 м, Құнанбай тауы) көтеріңкі келген. Кертпештің жазықпен ұласатын оңтүстігінде (Маңғыстау үстіртінде) бірнеше құдықтар (Жұқырай, т.б.) мен қыстаулар, бейіттер бар.
Дереккөздер
