Shejire

Қосалқа

ТрадицияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Қосалқа — Даулеткерей Шығайұлының сырғаның сылдырлаған үніне арнап шығарған күй-еңбегі.

Шығу тарихы

Қосалқа күйі - Даулеткерейдің ең танымал күйлерінің бірі. Қазіргі таңға дейің оның шығу тарихы нақты белгісіз, бірақ кей деректер көзі бойынша, Даулеткерей - еңбегін Құрманғазы қонаққа келген сәтте жазған болатын. Құрманғазыны күтіп, бірге еттең тойып алған соң, екі композитор далаға шығады. Соңда Құрманғазы былай дейді: "Сіздің сыршыл да сезімтал күйлерінізді естіп жүрміз. Саржан келінініздің де жүрісіне, сылдыр қаққан сырғасы мен алқасына бір күй шығарыңызшы" - дейді. Сол сәтте отыра қалып автор күй тартады. Осы күй ел арасында таралып кетіп, оны Қосалқа деп атап кетеді.

Күйді талдау

Тональділігі: С - dur (бірақ кейде G - dur-да ойналады) Екпіні: Орташа Орындалу түрі: Төкпе Жанры: Арнау күй Музыкалық сипаты: Көңілді Қағысы: П V П V; П V П; VV Дыбыс күші:p; pp ;f; ff; mf; Қосымша белгі: лига

Қосымша ақпарат

1944 жыл - Косалқа күйінен шыққан "Қос Алқа" атты биі бірінші рет Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қойылады.

Дереккөздер

Iskakov, R. (n.d.). Қосалқа күйінің шығу тарихы. Zharar.kz. https://zharar.kz/id/48916

Сілтемелер

Қос Алқа Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры https://zharar.kz/id/48916