Shejire

Қажы Мұхаммед хан (Хиуа ханы)

ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Entrance of Khiva.
Giorgio Montersino · CC BY-SA 2.0

Қажы Мұхаммед хан, Қажым хан (өзб. Xoji Muhammadxon; 1519–1602, Үргеніш) — Хорезм мемлекетінде 1558–1594 және 1598–1602 жылдары билік құрған өзбектің Арабшахидтер әулетінің оныншы өкілі.

Шығу тегі

​Қажы Мұхаммед хан — Ағатай ханның ұлы және Өзбек ұлысының билеушісі Жәдігер ханның ұрпағы.

Билікке келуі

​Қажы Мұхаммед хан 1558 жылы күрделі саяси процестер кезеңінде, Аванеш ханның ұлы Әли сұлтанның қолдауымен және Буджуга ханның ұлы Дост хан қайтыс болғаннан кейін Уәзір қаласында таққа отырғызылды. Көрсеткен қолдауының өтеуі ретінде Әли сұлтан өзіне мұрагерлікпен тиесілі Даруннан бөлек, Үргеніш, Хазарасп және Кят иеліктерін еншісіне алды. Сол заманның куәгері атап өткендей, Әли сұлтан хан лауазымына ие болмаса да, 1568-1569 жылы қайтыс болғанға дейін «таулы өлке мен өзенді өлкенің», яғни Хорасан мен Хорезмнің толыққанды билеушісі болды. «Тәжірибелі, әділ және тақуа билеуші» деп саналған Қажы Мұхаммед ханның салыстырмалы түрде ұзаққа созылған билігі кезінде елді біріктіру және орталық биліктің позициясын нығайту әрекеттері жасалды, бірақ бұл бағытта айтарлықтай табыстарға қол жеткізу мүмкін болмады. Қажы Мұхаммед ханның тұсында хорезмдік билеушілердің негізгі ордасын Хиуа қаласына көшірудің біртіндеп жүру процесі басталды, бұл процесс Әбілғазы ханның билік құрған кезеңінде (1643–1663) толық аяқталды.

Сыртқы саясаты

​Оның билік құрған кезеңінде елге ағылшын саяхатшысы Антоний Дженкинсон келді. 1564 жылы Қажы Мұхаммед хан орыс патшасы Иван Грозныйға елші жіберді. Ханның резиденциясы Уәзір қаласы болды, кейіннен Үргеніш қаласына ауысты. ​Бұхара ханы II Абдолла ханның Хорезмге жасаған үш жорығына қарамастан, Қажы Мұхаммед ханның билік еткен кезеңі салыстырмалы түрде тыныштығымен ерекшеленді.

Қажым хан және ІІ Абдолла хан

​Бұхара хандығының билеушісі II Абдолла хан Осман империясымен дипломатиялық байланыстар орнатып, одақтас болды. 1593 жылы ІІ Абдолла хан Хорасанға өз ұлы Әбділмүмін хан бастаған әскерін жіберіп, өзі Хорезмдегі бүлікті басуды ұйғарды. 1593–1594 жылдар аралығында ІІ Абдолла хан Қажым ханды жеңіліске ұшыратты. Хорезмді Абдолла хан жаулап алып, Қажым хан ұлдарымен және немерелерімен бірге Қазвиндегі Сефевилер шаһы І Аббасқа барып паналауға мәжбүр болды. Шаһ бұл факторды болашақта Хорезмдегі өз ықпалын күшейту үшін пайдалануды көздеді. Хорезмге жасаған жорығынан кейін бірден, 1593-жылы ІІ Абдолла хан Стамбулға құнды сыйлықтармен елші аттандырады. Тек 1598 жылы ІІ Абдолла хан қайтыс болғаннан кейін ғана Қажым ханның Хорезмдегі тақты қайтарып алуға жасаған бірнеше мәрте талпынысы сәтті аяқталды.

Қайтыс болуы

​Қажы Мұхаммед хан 1602 жылы қайтыс болды және Хорезмдегі билікке оның ұлы Араб Мұхаммед хан келді.

Әдебиет

​Васильев А.Д. Знамя и мечь от падишаха. Политические и культурные контакты ханств Центральной Азии и Османской империи (середина XVI — начало XX вв.) — М.: Пробел-2000, 2014. — 356 б. — ISBN 978-5-98604-478-1. ​Гулямов Я.Г., История орошения Хорезма с древнейших времен до наших дней. Ташкент. 1957 ​История Узбекистана. Т.3. Т., 1993. ​История Узбекистана в источниках. Құрастырушы Б.В. Лунин. Ташкент, 1990 ​История Хорезма. И.М. Муминовтың редакциясымен. Ташкент, 1976 ​Хорезм в истории государственности Узбекистана / Ртвеладзе Э. В., Алимова Д. А. — Ташкент: «Узбекистан файласуфлари миллий жамияти», 2013. — 336 б.

Дереккөздер

Место в родословной

Сведения

персона
Қажы Мұхаммед хан (Хиуа ханы)
Әкесі
Ағатай хан
Ізашары
Дост хан
Балалары
Араб Мұхаммед ханМұхаммед Ибраһим
Қайтыс болуы
1602 (1602) Көнеүргеніш
Дүниеге келуі
1519 (1519) Орталық Азия