Қазақтың арғы тегі
ИсторияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Қазақтың арғы тегі — «Батыс іргені басқару істері» атты қытай тіліндегі 12-томдық қолжазба еңбектің 11-томы. 1808 жылы Сүң Үйн жазған. 1958 жылы Пекин кітапханасы оның фотоға түсірген нұсқасын баспадан шығарды. Қолжазбада қазақтардың арғы тегі ертедегі қаңлы, үйсіндер екендігі қысқаша баяндалып, қазақтардың Цинь патшалығы (1644–1911) кезінде қоныстанған географиялық аймақтары берілген. Абылай ханмен жасасқан байланыстары біржақты баяндалады. Қолжазбада қазақтардың қоғамдық құрылымдарына баса назар аударылған. Онда іргелі қазақ рулары және оларды кімдер басқарып отырғандығы нақтылы жазылған.