Қазақ КСР Министрлер Кеңесі (1955)
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
1955 жылғы 31 наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен құрылған Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тізімі.
Жетекшілігі
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы — Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары — Семен Филиппович Николаев. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары — Мәсімхан Бейсебайұлы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Рақым Байғалиев. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Михаил Иванович Горбунов. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Иван Гаврилович Слажнев. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ КСР Мәдениет министрі — Төлеген Тәжібайұлы.
Министрлер
Қазақ КСР Автомобиль көлігі және тас жолдары министрі — Леонид Георгиевич Жуков. Қазақ КСР Ішкі істер министрі — Шырақбек Қабылбайұлы. Қазақ КСР Қала және ауыл құрылыс министрі — Евгений Иванович Конюшевский. Қазақ КСР Мемлекеттік бақылау министрі — Әбжан Сүйкімбайұлы Жүсіпов. Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі — Сибуғатулла Рысқалыұлы Қарынбаев. Қазақ КСР Ет және сүт өнімдері өнеркәсібі министрі — Александр Дементьевич Гарагаш. Қазақ КСР Азық-түлік тауарлары өнеркәсібі министрі — Григорий Спиридонович Галайдин. Қазақ КСР Құрылыс материалдары өнеркәсібі министрі — Филипп Прокопьевич Минаев. Қазақ КСР Өнеркәсіптік тауарларды тұтыну министрі — Иван Петрович Морокин. Қазақ КСР балық өнеркәсібі министрі — Жұмағазы Жүсіпұлы Жұмалиев. Қазақ КСР Байланыс министрі — Александр Алексеевич Носков. Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрі — Григорий Андреевич Мельник. Қазақ КСР кеңшарлар министрі — Михаил Дмитриевич Власенко. Қазақ КСР Сауда министрі — Жақыпбек Жанғозин. Қазақ КСР Қаржы министрі — Өтешқали Дүйсенғалиұлы Атамбаев. Қазақ КСР түсті металлургия министрі — Александр Иванович Самохвалов. Қазақ КСР Әділет министрі — Қылышбай Сұлтанов. Қазақ КСР Су шаруашылығы министрі — Сәлкен Дәуленұлы. Қазақ КСР Коммуналдық шаруашылық министрі — Николай Никитич Герасимов. Қазақ КСР Жергілікті және отын өнеркәсібі министрі — Ахмет Әділұлы. Қазақ КСР Ағарту ісі министрі — Асқар Зәкәрияұлы. Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрі — Балжан Бөлтірікқызы.
Төрағалар және басшылар
Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы — Владимир Владимирович Губин. Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының төрағасы — Владимир Антонович Гогосов