Қазақ КСР Министрлер Кеңесі (1947)
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
1947 жылы 21 наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен құрылған Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тізімі.
Жетекшілігі
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы — Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Александр Петрович Заговельев. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Исағали Шәріпұлы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының төрағасы — Ыбрайым Таусиқұлы Тәжиев. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Натан Хаимович Забежанский. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Мақфуза Сапарқызы Нұрымбаева. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Жақыпбек Жанғозин.
Министрлер
Қазақ КСР Сыртқы істер министрі — Төлеген Тәжібайұлы. Қазақ КСР Тамақ өнеркәсібі министрі — Мәжікен Есенұлы Бутин. Қазақ КСР балық өнеркәсібі министрі — Ғаббас Баймұхамедұлы Саубенов. Қазақ КСР Ет және сүт өнеркәсібі министрі — Қазтай Едігеұлы. Қазақ КСР Жеңіл өнеркәсіп министрі — Әмір Ержанұлы. Қазақ КСР Тоқыма өнеркәсібі министрі — Виктор Михайлович Пелевин. Қазақ КСР Орман өнеркәсібі министрі — Айып Орашұлы. Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрі — Ахмет Дәкішұлы Дауылбаев. Қазақ КСР кеңшарлар министрі — Ахметбек Мұхамедиярұлы Қыстауов. Қазақ КСР Қаржы министрі — Иван Авксентьевич Шугайло. Қазақ КСР Ішкі істер министрі — Афанасий Афанасиевич Пчелкин. Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік министрі — Алексей Петрович Бызов. Қазақ КСР Әділет министрі — Мырзақадыр Нұрбаев. Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі — Семен Алексеевич Чесноков. Қазақ КСР Ағарту ісі министрі — Әбдіхамит Ібінияұлы Сембаев. Қазақ КСР Жергілікті өнеркәсіп министрі — Борис Данильевич Нагаев. Қазақ КСР Жергілікті отын өнеркәсібі министрі — Аббас Омарұлы Өтембаев. Қазақ КСР Коммуналдық шаруашылық министрі — Сергей Федорович Эпиктетов. Қазақ КСР Автомобиль көлігі министрі — Иван Григорьевич Гаврилов. Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрі — Атымтай Қисанов. Қазақ КСР Су шаруашылығы министрі — Ысмайыл Әбдірасулұлы Юсупов. Қазақ КСР Құрылыс материалдары өнеркәсібі министрі — Яков Епифанович Морозов. Қазақ КСР Кинематография министрі — Уәли Жақыпұлы.
Төрағалар және басшылар
Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы өнер басқармасы басшысы — Сағынтай Ахметұлы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Мәдени-ағарту мекемелері комитетінің төрағасы — Ахмет Өтейұлы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Басты жол басқармасы басшысы — Юст Андрианович Буданцев.