Shejire

Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (1925-1936)

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

карта КАССР
управление геодезии и картографии при СНК КССР · Public domain

Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы, немесе Қазақ АКСР (лат. жазу Qazaq Aptonom Sotsijalistik Sovettik Respublikasь, Qazaƣьstan) — қазіргі Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1920 жылы 26 тамызда БОАК мен РКФСР ХКК-і РКФСР құрамында "Қазақ АКСР-ін құру туралы" декрет жариялады. Ал 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925) деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды. ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы алдымен Қызылорда (1925—1929), кейіннен 1929 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді..

Шекарасы

1932 жылдары батысында Төменгі-Волжск өлкесімен, солтүстік-бастысында - Ортаңғы-Волжск өлкесімен, солтүстігінде - Орал облысымен, солтүстік-шығысында Батыс Сібір өлкесімен, оңтүстігінде - Орталық Азия Кеңестік республикаларымен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шекараласып жатты.

Ауданы және Халқы

Ауданы (1933 жылғы 1 қаңтарында) 2 853 мың шаршы км. құрады. Халқы - 1931 жылдың 1 қаңтарындағы санағы бойынша - 7 260,5 мың адам, оның ішінде қала тұрғындары (1926 жылығы санақ) - 911,2 мың адам болды.

Қазревком мүшелері

С.Меңдешев (1882-1937)

1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы; 1919 жылы Қазревком төрағасының орынбасары; 1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің төрағасы; 1937 жылы репрессия құрбаны болды. Ә.Т.Жангелдин(1884-1953)

1915 жылы коммунистік партия мүшесі; 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары; 1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы; 1918 жылы Қазревком төрағасының орынбасары. А.Байтұрсынұлы(1873-1937)

"Алаш" партиясын құрушылардың бірі - "Қазақ" газетінің редакторы; 1919 жылдан Қазревком мүшесі, оқу министрі; 1937 жылы репрессия құрбаны болды.

Дереккөздер