Shejire

Қаскелең

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Алматы облысының картасы
Murat Karibay · CC0

Қаскелең — Алматы облысы Қарасай ауданындағы қала (1963 жылдан), аудан (1922 жылдан) және Қаскелең қалалық әкімдігі орталығы.

Географиясы

Облыс орталығы – Қонаев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 95 км, Алматы қаласынан батысқа қарай 24 км жерде, Қаскелең өзені бойында орналасқан. Қаланың аумағы 5,31 км².

Халқы

Тұрғыны:

36,5 мың адам (2002); 58 418 адам (2009); 59 277 адам (2010); 59 673 адам (2011); 61 371 адам (2012); 62 921 адам (2013).

Тарихы

Kaskelen pointer.
Almatrkh · CC BY 4.0

Қаскелең – қарлұқтар заманында (7 – 9 ғ.ғ.) Жетісуда салынған қоныстардың бірі. Ежелгі ру-тайпалар осы өңірдегі шұрайлы мал жайылымдары мен суармалы егіншілікке қолайлы жерлерге қоныс тепкен. 1218 жылы моңғол шапқыншылары Қаскелең қонысын қиратты. Ресей империясы 1847 жылдан бастап Жетісуда өзінің бекінісін сала бастады. Осыған байланысты 1861 жылы Қаскелең қонысының орнына қаланың негізі болған казак-орыс станицасы салынып, алғашында "Любовный", 1901 жылдан Қаскелең аталды. 1958 – 97 жылдапы көкөніс-сүт бағытындағы Ленин кеңшарының орталығы болып келді. Қаладағы 9 құрылыс мекемесі, баспахана, т.б. кәсіпорындар 1997 жылдан меншік түрін өзгертіп 5 ӨК-ке, 6 ЖШС-ке айналды. Сонымен бірге 450-ге жуық шаруа қожалығы құрылды.

Инфрақұрылымы

Қаскелең қаласында республикалық және облыстық бағыныстағы кәсіпорындар мен ұйымдар орналасқан. Қалада: Қаскелең оқу-өндірістік комбинаты, қалалық баспахана, мемлекеттік “Водоканал” коммуналдық кәсіпорны, “Жер астын зерттеу институты” мемлекеттік кәсіпорнының бөлімшесі, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, “Сарыарқа” емдеу-сауықтыру орны, қалалық аурухана, фельдшерлік-акушерлік пункт (Әйтей ауылында), т.б. мекемелер жұмыс істейді. Оқу-ағарту саласы бойынша Қаскелеңде мәдениет колледжі, мәдениет үйі, музей, 7 орта, 1 орталау, 1 бастауыш мектеп, 10 кітапхана бар.

Тағы қараңыз

Қаскелең өзені

Дереккөздер

Сведения

Ел
 ҚазақстанҚазақстан
Әкімі
Асқар Мұқашев
Ауданы
Қарасай
Облысы
Алматы
Статусы
Аудан орталығы
Тұрғыны
82 379[2] адам (2023)
Телефон коды
+7 72771
Уақыт белдеуі
UTC+5:00