Қарымбай Әулие
ПерсонаОбновлено: 14.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Қарымбай Әулие, Қарымбай Тәттібайұлы (1732 – 1822) – би. Жалайыр руының Андас тармағынан таратылады. Әкесі Тәттібай батыр жоңғарларға қарсы соғысқан. М.Тынышбаев өз еңбегінде Абылай хан жасағында болған Тәттібай батыр, оның ұлы Қарымбай би жөнінде деректер береді. Қарымбай Әулие әрі сәуегей әулие болған. Ол Ескелді бимен және Балпық бимен бірге Қаратал, Көксу, Желдіқара өңірлерін мекендеген халықты егін егіп, отырықшылыққа көшуге үндеген. Тоғандар қаздырып, егін салдырған. Қарымбай Әулиеге арнап ел-жұрты 2003 ж. Қаратал өзенінің бастоғанына жақын тұстағы “Қорғантөбедегі” зиратына кесене орнатты.