Shejire

Қарқаралы округі

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Қарқаралы округі — 1928-1930 және 1934-1936 жылдары болған Қазақ АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.

Округ 1928—1930 жылдары

Қарқаралы округі 1928 жылы 17 қаңтарда Семей губерниясының бір бөлігінен құрылды. Аудан орталығы Қарқаралы қаласы болды. Округ 7 ауданға бөлінді:

Абыралы ауданы. Орталығы — Үйтас шыңы. Ақсары ауданы. Орталығы — Бесоба мекені. Балқаш ауданы. Орталығы — Қарабұлақ мекені. Берікқара ауданы. Орталығы — Милыбұлақ мекені. Қу ауданы. Орталығы — Хлебородное ауылы. Шет ауданы. Орталығы — Қайрақты мекені. Шұбартау ауданы. Орталығы — Қотанемел мекені. 1929 жылдың жазында Балқаш ауданы Тоқырау ауданы болып өзгертілді. 14 желтоқсанда Ақсары ауданы таратылды. 1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР-інің барлық басқа округтары сияқты округ таратылып, оның аудандары республикалық билікке тікелей бағынуға берілді.

Округ 1934—1936 жылдары

1934 жылы 4 шілдеде Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының бөлігінен орталығы Қарқаралы қаласы болатын Қарқаралы округі құрылды. Ол 7 ауданға бөлінді:

Абыралы ауданы. Орталығы — Қайнар ауылы. Баянауыл ауданы. Орталығы — Баянауыл ауылы. Жаңаарқа ауданы. Орталығы — Атасу ауылы. Қарқаралы ауданы. Орталығы — Қарқаралы қаласы. Қоңырат ауданы. Орталығы — Ақтоғай ауылы. Қу ауданы. Орталығы — Егіндібұлақ ауылы. Шет ауданы. Орталығы — Ақсу-Аюлы ауылы. 1935 жылы 9 қаңтарда Абыралы ауданы Шығыс Қазақстан облысына қайтарылды. 1936 жылы 29 шілдеде Қарқаралы округі жойылып, аудандары Қарағанды облысына берілді.

Басшылары

Аудандық партия комитетінің басшылары

Сұлтанғалиев 1928-1929 Нұрсейітов Нұрғали 1933-1936

Әдебиет

Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 1500 таралым.

Дереккөздер

Сведения

Ел
 КСРО
Кіреді
Қазақ АКСР
Құрылған уақыты
1928—1930, 1934—1936
Әкімшілік орталығы
Қарқаралы