Қарғалы ежелгі қала орны
ИсторияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.
Қарғалы — ежелгі қала орны. Жамбыл ауданы Фабричный кентінің орнында, Қарғалы өзенінің оң жақ жағалауында. Қарғалы түгел дерлік қираған. Ерте замаңда қаланы айнала қоршаған дуалдың үзік-үзік қалдығы сақталған. Дуалдың биіктігі 2-3 м. 1965-67 ж. Қазақстан Ғылым Академиясыныңның Жетісу археол. экспедициясы барлау жұмысын жүргізді (жетекшісі К. Ақышев). Барлау кезінде жер үстінен астық сақтайтын құмыралар, қыш ыдыстар және тас қол диірмендердің қалдықтары табылды. Бұлар — 1112 ғ-ларға тән заттар. Қарғалы халқы орта ғасырларда қол өнерімен, егін, мал шаруашылығымен шұғылданған.