Қаратемір тауы
ИсторияОбновлено: 15.09.2026
Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Қаратемір – Сарыарқаның орта бөлігіндегі тау.
Географиялық орны
Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде, Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстікке қарай 10 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1082 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Шерубайнұра және Алабұға өзендері аралығымен 15 км-ге созылып жатыр, енді жері 8-10 км.
Жер бедері
Сай-жыралрмен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Жаншылу белдемінің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі
Аласа таудың қызғылт қоңыр топырағында жусан, көкпек, бетеге, селеу, бұталар өседі. Беткейі мал жайылымына қолайлы.