Shejire

Қарағанды комсомолы

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

«Қарағанды комсомолы», танк колоннасы, Ұлы Отан соғысы жылдары Қарағанды комсомолының жинаған қаржысы есебінен жасақталды. 1944 жылдың шілдесінде №18 бис шахтасының жас кеншілері танк колоннасын жасақтау үшін ақшалай қор жинау бастамасын көтерді. Мұны №44-45, №33-34 және басқа шахталардың комсомол бригадалары мен сменалары қолдады. Олар бос уақытта жұмыс істеу есебінен 96 мың т көмірөндіріп,680 мың сом қаржы тапты, оны «Қарағанды комсомолы» жасақтауға жіберді.

Дереккөздер