Shejire

Қарағанды кеншілерінің ереуілі

ИсторияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Қарағанды кеншілерінің ереуілі, (1989 ж. 20-22 шілде), Ресейдегі Кузбасс пен Донбасс кеншілерінің ереуілін қолдай отырып, «Тентек», «Долинка», КСРО-ның 50 жылдығы, «Абай» шахталарының жұмысшылары (ереуілге 10-15 мыңдай адам қатысты) 20 шілдеде жұмысты тоқтатып, еңбекақыны арттыру,еңбекті ұйымдастыру мен ақы төлеуді жетілдіру,азық-түлік түрлерін көбейту,шахталардағы жұмыс жағдайын, тұрмыс пен демалыс жағдайын жақсарту, Семей ядролық полигонын жабу, минстірліктердің монополиясын тоқтату жөнінде бірқатар талап қойды. Ертеңіне ереуіл Қарағанды көмір бассейнінің барлық шахталарына тарады. Қарағанды, Абай, Саран және Шахтинск қалаларының көшелерінде көп адам катысқан митингілер болып өтті. Ереуілдің негізгі себептері КСРО Көмір өнеркәсібі министрлігі, «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігі тарапынан қалалар мен жұмысшы поселкелері еңбекшілерінің әлеуметтік мұқтаждарын елемеуі, Қарағанды бассейнін дамыту жөніндегі партия мен үкімет шешімдерінің үнемі орындалмауы, шаруашылық реформасының баяу жүзеге асырылуы болып табылады. Ереуіл кезінде қалалық, облыстық ереуіл комитеттері (кейін жұмысшы комитеттері) құрылып, олар кеншілердің негізгі талаптарын ұсынды. Оларды талқылауға Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы Н.Ә. Назарбаев, КСРО Мин. Кеңесі төрағасының орынбасары В. X. Догужиев, одақтық министрліктің өкілдері, республиканың, облыстың басшылары қатысты. 47 пункттен тұратын талаптар Облыстық ереуіл комитегі мен Қазақстан КП ОК-нің, КСРО Министрлер Кеңесінің, КСРО Көмір өнеркәсібі министрлігінің және ВЦСПС-тің комиссиясы арасындағы келісілген шаралардың хаттамасында көрініс тапты. Кейбір талаптар орындалды, ал өзгелерінің орындалысы ауық-ауық қаралып, нөтижесі облыстық баспасөзде жарияланып тұрды. КСРО Министрлер Кеңесінің 03.08.1989 ж. №608 қаулысымен, т. б. шешімдермен 1989 ж. қазан айына дейін талаптардың жұмыс ерекшелігіне байланысты қосымша ақы төлеу, 30% белдеуік коэффициент белгілеу, басқару аппаратын қысқарту, жоспардан тыс пайданың 70%-ын кәсіпорын қарамағына қалдыру, мед. қызметті жақсаргу т. б. жөніндегі шахтерлердің барлық 25 талабы орындалды. Көптеген талаптар КСРО-ның «Зейнетақымен қамтамасыз ету» және «Демалыс туралы» заңдарының жобасына енгізілді, ал Қазақстанда ядролық қаруды сынауды тоқтату жөніндегі талап одақтық органдарға тапсырылды. Ереуілшілер сенім көрсетпегендіктен, «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінің бас директоры Н. А. Дрижд қызметінен босатылып, баламалы бес кандидатурадан КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Г. Саламатин бас директор болып сайланды. Облыстық жұмысшы комитетінің құрамында белсенді қызмет аткарып, кеншілер талаптарының орындалуына барынша күш салған М. М. Нұртазин Қазақ КСР халық депутаты болып сайланып, алғашқы сессияда Экология және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі комитет төрағасы, ал П. П. Шлегель және М. М. Рамазанов көмір өнеркөсібі қызметкерлері кәсіподағы аймақғық комитетінің тиісінше төрағасы және хатшысы болып сайланды.

Дереккөздер