Shejire

Қалыбаев Айсұлтан Әбділлаұлы

Место в родословной
ПерсонаОбновлено: 14.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Айсұлтан Әбділлаұлы Қалыбаев (25 қаңтар 1947 жылы туған, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ащысай кенті) — қазақ ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1989), профессор (1990). ҚазҰУ-ді бітірген (1969). 1971–73 жылы КСРО ҒА Сібір бөлімшесінің Математика институтында стажер-зерттеуші, 1973 – 76 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Математика және механика институтында аспирант, 1976 – 86 жылы Қазақстан ғылым академиясының Сейсмология институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, 1986–90 жылы Қазақстан ғылым академиясының Математика және механика институтында жетекші ғылыми қызметкер, бас ғылыми қызметкер. 1991–92 жылы Қазақстан ғылым академиясының Механика және машинатану институты директорының орынбасары, сонымен қатар “Жер қойнауы” ғылыми-инжинер орталықтың бас директоры. 1992–94 жылы ҚР Үкіметі жанындағы Ұлттық аэроғарыштық агенттігі бас директорының орынбасары, бас директоры (1994 – 98). 1999 жылдан бері Қазақстан – Ресей “Индустриалдық технология” ғылыми өндірістік бірлестігі директорлар кеңесінің төрағасы. Ғылыми-зертханалық жұмыстарының негізгі бағыты – аспан механикасы және ғарышқа ұшу динамикасы. Ол Жер полюсінің ғасырлық қозғалысын зерттеді (Қазақстан комсомол сыйл., 1977). Оның “Жер айналысының жалпы теориясы” атты еңбегі (М., 1984; Ж.С. Ержановпен бірге) Халықаралық астрономдар одақтың шешімімен (Лондон, 1987) барлық астрон. бақылаулар түріне (жерден, мұхиттардан және ғарыштан) редукциялық түзетулер енгізудің Халықар. стандарты болып қабылданды. Ғарыштық кеңістікті бейбіт мақсатта пайдалану бағытындағы зерттеу жұмыстары үшін С.П. Королев атынд. алтын медальмен (1996) марапатталды.

Дереккөздер

Сведения

персона
Қалыбаев Айсұлтан Әбділлаұлы
Туған жері
Ащысай, Мұғалжар ауданы, Ақтөбе облысы
Туған күні
25 қаңтар 1947 (1947-01-25) (79 жас)
Азаматтығы
КСРО →  Қазақстан
Альма-матер
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (1969.ж)
Ғылыми аясы
Аспан механикасы
Марапаттары
Қаз КСР Ленин комсомолы сыйлығы
Ғылыми атағы
ҚР ҰҒА академигі
Ғылыми дәрежесі
физика-математика ғылымдарының докторы