Shejire

Қалажан қашқан

ТрадицияОбновлено: 15.09.2026

Перевод этой статьи на выбранный язык отсутствует — показана версия на основном языке.

Қалажан қашқан — халық күйі. Күйді орындаған сыбызғышы Жұмайхан. Нотаға түсірген А. Хабыкей.

Күй туралы аңыз

Ертеде біреудің Қалажан деген келіншегі болыпты. Қалажан көрікті, сымбатты болса керек. Ол тұрмысқа шыққаннан кейін қосағына көңілі толмай, ауыл арасының Кит деген жігітімен күйеуінен жасырын көңілдес болады. Қалажанның күйеуі үйде болмаған кезде Кит келіп-кетіп жүріп, екеуінің көңілі одан әрмен жақындаса береді. Ақыры екеуі қашуға келісіп, келісімді күні Кит келсе, қалажанның күйеуі тағы да жоқ екен. Киттің жетектей келген атына Қалажан мініп, Кит өз атына мініп қашады. Екеуі ауылдан шыға бере үйге жеткен күйеуі қашып бара жатқан екеуін көреді де, есік алдындағы бақанды ала сап арттарынан қуады.

Дереккөздер